АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.10.2017


Д.КӨШІМ: «Латын қарпіне көшу – тілдік талаптан туған өзгеріс»

Күні: , 513 рет оқылды


Ауданымызға ат басын тіреген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі саясаттанушы Досмаханбет Көшім мен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Абдрашит Абдраимов  «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында өткен семинарға қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрайымдық етуімен өткен семинарға облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ж.Ерназаров пен М.Өтемісов атындағы БҚМУоқытушысы, Еуразия қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ақболатов және жергілікті мекеме-ұйым басшылары қатысты. Алдымен сөз алған саясаттанушы Д.Көшім аталмыш мәселеге байланысты өз ойын ортаға салды. -Бүгін облыс әкімігінің тікелей шақыртуымен ауданыңызға келіп тұрмыз. Негізі біздің бұл жобамыздың пайда болғанына 4 жыл толды. Осы уақыт аралығында бірнеше қалалар мен аудандарда болып 100-ден аса кездесу өткізіп, өзіндік пікірімізді білдіріп, халықтың ұсынысын тыңдап келеміз,- деген саясаттаншуы  әрі қарай негізгі тақырыптарға тоқталды. – Қазіргі қазақ тілінің жағдайына келетін болсақ жан тыныштырар ештеңе көрмейміз. Мемлекеттік тілімізді қабылдағанымызға 28 жыл болды. Алайда әлі күнге елімізде қазақ тілін білмейтін қазақша түсінбейтін адамдар жетіп артылады, әсіресе мемлекеттік қызметкерлер көп. Ал осы орыс тілді азаматтардың жиі айтатын сөзі «біз сөйлегіміз келсе, қазақ тілді орта жоқ» дейді. Егер өзіміз қазақша сөйлемесек, қазақша жазбасақ біз үшін оны ешкім істемейді, — дейді Д. Көшім. Сондай-ақ латын графикасына негізделген әліпбиге көшу мәселесіне тоқталған ол халық арасында туындап жүрген пікірлерді тілге тиек етіп, ғылым тілі болып есептелетін латын қарпіне көшудің ана тіліміздің болашағына тигізер пайдасының орасандығын да атап өтті. Бұған қоса латын қарпіне көшуді тілдік талаптан туған өзгеріс екендігін мәлімдеді. Бұдан кейін сөз алған А.Абдраимов қазақ тілін меңгерудің, туған тілге көрсетер құрмет екендігін айтып, ел тұтқасын ұстаған жандардың мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайтындарын жеткізіп, тілге деген жанашырлық ұлттық тәрбие арқылы берілетінін баса айтты. Жиын соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА

 

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.