АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.11.2017


Есімі ескерулі

Күні: , 240 рет оқылды


Ұлы Отан соғысының ардагері, Достық ауылының мақтанышы Михайл Шамовтың туғанына 105 жыл толды.
Сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосқан М.Шамов 1912 жылы Достық (Семиглавый Мар) ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Трактор жүргізушісі курсын аяқтағаннан кейін 1921-1933 жылдары колхозда жұмыс атқарды. Отау құрып, өмірлік серігі Анастасия екеуі бес бала сүйеді. 1941 жылы еш ойланбастан қан майданға аттанады. Соғыс кезінде 86-шы ауыр артиллериялық бригаданың құрамында аға бақылаушы болған батыр ұрыс жолымен Берлин қаласына дейін жеткен. 1943 жылы 16 қазанда Михаил Михайлович Днепр өзенінің оң жақ жағалауында барлау жүргізіп, жаудың екі өрт батареяларының көзін құртады. Жаралы взод командирін де соғыс алаңынан алып шығып ерлігімен көзге түскен. Қазан айының 23-ікүні ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. 1945 жылдың ақпанында Пиритц, сәуір айында Берлинде екі мәрте ойдағыдай барлау жүргізіп,  жаудың өрт батареяларының күшін жойған жерлесіміз тағы да ІІ және І дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Бұдан бөлек Қызыл жұлдыз ордені және Ергілі үшін медалі иегері. Бүгінде Достық ауылында батырға арналған ескерткіш бой көтерсе, аудан орталығында батыр есіміне көше атауы берілген. Айтулы күні жерлестерін ескерусіз қалдырмаған ауыл тұрғындары батыр ескерткішінің басында еске алу шарасын ұйымдастырды.             «Азаттыққа жетелеген дара ұл» тақырыбында ұйымдастырылған шараға ауыл тұрғындарымен қатар батырдың ұрпақтары қатысты. Халық батыр туралы естеліктер айтып, ауыл өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.