АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 27.11.2017


Жастар мәселесі қаралды

Күні: , 863 рет оқылды

 
    Жуырда жастар жұмысы жөніндегі кезекті кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелерімен қатар аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Шарада биылғы жылдың 10 айында Мереке, Мерей, Шежін және Тасқала ауылдық округіндегі жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бұл ретте сөз алған ауыл әкімдері жастар арасында қоғамдық белсенділікті арттыру, жұмыссыздықты жою мақсатында атқарылған жұмыстарды айтты. Аудан жастарының денсауылығын аудандық орталықтандырылған психиатор-нарколог дәрігері А.Баисов тілге тиек етті. Бұл орайда жастар ортасында нашақорлықты және маскүнемдікті төмендету, жас отбасылардың денсаулықтары туралы ойын ортаға салып, өзіндік ұсынысын білдірді. Бұдан өзге «Намыс» ЖҚБ төрайымы Г.Ералиева мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Тасқала ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу барысына тоқталса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков спорттық нысандардың жатсар үшін қолжетімділігі және жастар арасында бұқаралық спорттың дамуы туралы ойын ортаға салды. Жиын барысында: -«Жас New» еріктілер клубының жұмысын жандандыру мақсатында орталығымыздың жанынан кабинет ашылған болатын. Бүгінде құрамында 25 адамдай бар. Өздерінің алдағы уақытта жүзеге асырамыз деген жоспарлары да жоқ емес. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларын молынан ұйымдастыруға белсенділік танытып жүр,- деген жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Рауан Сатыбалдиев еріктілер клубын қолдау бойынша ұсыныс-пікірімен бөлісті.

Қызметкерлер марапатталды

Күні: , 1 810 рет оқылды


«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Орал қаласында аталмыш сала үздіктерін марапаттау салтанаты өтті.
   Осы орайда ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан бір топ сала қызметкерлерінің еңбегі еленді. Алдымен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров марапатталды. Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Керейәулеті өз саласының үздігі деп танылып, өңір басшысы А.Көлгіновтің алғыс хатын иемденді. Бұған қоса, мемлекеттік бағдарламалар аясында белсенділік танытып келе жатқан шаруашылық жетекшілері Н.Хасанов пен Н.Аюпов, «Луч» шаруа қожалығының механизаторы Н.Хохлов үздік деп танылды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.