АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 09.02.2018


БІРІНШІ ОРЫН ОРАЛДЫҚТАРДА

Күні: , 226 рет оқылды


Жуырда С.Жақсығұлов атындағы мектеп пен  Сәулет мектеп лицейінің  спорт залында 2002-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында  волейболдан Батыс Қазақстан облысы чемпионаты өтті.


Жарысқа Бөрлі, Тасқала, Казталов, Қаратөбе аудандарынан және ВК Жайық Орал-1, Орал-2, Орал қаласы БЖСМ №4 командаларынан барлығы 160 спортшы  қатысты. нәтижесінде 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында 1 орын Орал қаласы, 2 орын Тасқала ауданы, 3 орын Бөрлі ауданына бұйырса,  2004 жылы туылғандар  және одан кіші жасөспірімдер арасында 1 орын Орал 1, 2 орын ВК Жайық, 3 орын Тасқала ауданына берілді.

 Жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының  тиісті дәрежедегі медальдарымен, кубоктарымен және дипломдарымен марапатталды.

«Екпін» ақпарат


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.