АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 01.03.2018


Ел алғысы шексіз

Күні: , 271 рет оқылды


Жер арқасы кеңіп, көктем шуағына бөленген мезгілмен қатар келген Алғыс айту мерекесі қарсаңында аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздары ауыл тұрғындарына әдемі кеш сыйлады. Мерекелік шара аудан әкімі С.Әлиевтің құттықтауынан кейін, «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билет табыс етуімен ұласты.


   Өз сөзінде аудан басшысы Санжар Жұматайұлы еліміздің бірлігі мен егемендігінің мәңгілік болуын тіледі.

-Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміз әлемге үлгі боларлықтай. Себебі ұлт пен нәсілге бөлінбей, ел бірлігін сақтау – үлкен абырой. Салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұрпағымызға ұлттық тәрбие берумен қатар, өзге халықтың да өнерін үйретуіміз қажет. Бұл жолмен біз жас буынның бірлік пен ынтымақтың қадірін түсіне білуге тәрбиелейміз. Достығымыз мәңгі, еліміз абыройлы болсын,- деді аудан әкімі С.Әлиев.

Шара барысында көркемөнепаздардың әдемі әндері тыңдалды. Сондай-ақ мектеп оқушыларының дайындаған әдеби монтаждары мен оқыған өлеңдері көптің көңілін шықты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ

 

«Жібек жолы» жүлдемен оралды

Күні: , 513 рет оқылды

Наиля Ермекқызы Қадырқұлова жетекшілік ететін аудандық мәдениет үйі жанындағы «Жібек жолы» халықтық би ансамблі ақпан айының 23-25 аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен ІV халықаралық балалар мен жасөспірімдердің «В ритме танца»  фестиваліне қатысып  ІІ дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.

Халықтық би номинациясында «Нұршашу», «Қыз ғұмыр» билерімен өнер көрсеткен ұжымға халықаралық деңгейдегі төрешілер мен сала мамандары  жоғары баға берді.

Бұл  ансамбльдің алғашқы жеңісі емес. Құрылғаннан бері Астана Алматы, Шымкент, Орал қалаларында өткен халықаралық «Тұлға», «Ақкөгершін», «Нұрлы жол», «Күншуақ», «Танцы без границ», «Дала дарындары» фестиваліьдеріне қатысып жүлделі орындарды иеленді.  Ауданымыздың намысын қорғап жүрген  өнерлі өрендердің алар асуы алда екені сөзсіз

Б.ХАБИДАШЕВА,

 аудандық мәдениет үйінің әдіскері


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.