АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.03.2018


Құрмет білдіретін күн

Күні: , 270 рет оқылды


Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.


Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Міне атаулы күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Шын жүректен алғыс айтам» тақырыбымен Атамекен мен Амангелді ауылдары телекөпір өткізді. Тікелей эфирде екі ауыл бір біріне ризашылығын білдіріп, үлкендер бата берді. Ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушылары мерекелік концертін ұсынып, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады. Мереке соңында шақырылған қонақтарға шағын сыйлықтармен алғыс хат табысталды.

Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты


Әйелден алар үлгі көп

Күні: , 742 рет оқылды


Жас мамандар үшін өз саласында қызмет атқарған үлкендер әрдайым үлгі болмақ. Олардың айтқан ақылы мен көрсеткен тәлімі — жаңа толқын үшін бет түзер нысана. Осындай ойды дәріптеген  «Мейірімділік мұзарты» кездесу кеші аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Сәтбаев атындағы мектепте өтті.


Шараға аудандағы түрлі ұжымдарда басшылық етіп келетін іскер әйелдер қатысты. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамбілінің жетекшісі, ардагер ұстаз М.Нұрмақова, Оян ауылдық округінің әкімі Г.Мұхамбетқалиева мен аудандық мәдени-демалыс орталығының басшысы Ж.Бисенгалиева қатысты.

Байқап отырсақ, кездесу қонақтары ретінде қоғамда өзіндік орны бар нәзік жандылар шақырылған. Олар қатысушыларға бірнеше жұмысты қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, үйдегі ана рөлі мен қоғамдағы әйел рөлін түсіндірді.

-Әйел – ана, жар және келін. Ал қоғамдық қызметін жалғастыру үшін, атқарған жұмысы берекелі болу үшін алдымен отбасының бақытын сақтай алуы қажет. Қызметтен бұрын жанұясының жағдайын жасаған әйел шын мәнісінде бақытты. Өйткені оның абыройы еңбегімен емес, отбасының берекесімен көрінеді,- деді Люция Әсетқызы.

Бұдан өзге кеш қонақтары пікірлерін ортаға салып, жас мамандардың алға қойған мақсатына жетуіне тілектес екендерін білдірді.

Әсем СЕРІКҚАЛИ

 


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.