АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 13.03.2018


«Астана – бақыт мекені»

Күні: , 167 рет оқылды


Дәл осындай атаумен «Жұлдыз-ай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы республикалық фестивалінің аудандық кезеңі оздырылды. Шараның өтуіне аудандық білім бөлімі мен  психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті қызметкерлері мұрындық болды.


Фестиваль қатысушыларына баға берген қазылар құрамында облыстық психологиялық — дәрігерлік — педагогикалық кеңес беру мекемесінің әдіскері Ұ. Сатыбалдиева, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп — интернатының технология пәнінің мұғалімі Л. Сапарғалиева, аудандық психологиялық — педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Н. Сахмиденова болды.

Елорданың 20 жылдығына арналған шара мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын көздеді. Оған қатысқан бас-аяғы 37 оқушы көркем-қолданбалы өнер туындыларын көрмеге қойып, келушілер назарына ұсынды.  Сондай-ақ өзара ән орындау, би билеу мен бейнелеу өнері арқылы сынға түсті. Қатысушыларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал фестивальдің облыстық кезеңіне өткен оқушылар тізімі алдағы уақытта белгілі болмақ.

Әсем СЕРІКҚАЛИ

   

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.