АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.04.2018


Спортшыларымыз жарап тұр!

Күні: , 410 рет оқылды

Орал қаласында самбо спорт түрінен өткен додада жерлестеріміз топ жарды. Айта кетейік, аталмыш турнир Мұхамеджан Төреалиевті еске алуға арналған.
Жарысқа қатысқан жасөспірімдер үлкен дайындық пен жеңіске деген сенімдерін көрсетіп бақты. Нәтижесінде 31 кг салмақта белдескен А.Ақболатов 1 орынды қанжығасына байласа, И.Мұстафин 2 орынға ие болды. Ал 27 кг салмақ бақ сынаған А.Қуандық 2 орынға табан тіресе, 3 орынға А.Бекмурзин мен Д.Сырымов жайғасты. Сондай-ақ 34 кг салмақта топқа түскен А.Сапарғали жүлделі 2 орынмен жерлестерін қуантты.

Ә.БЕКЕШЕВА


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.