АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 24.04.2018


Бала байқауы

Күні: , 320 рет оқылды

Бала бойындағы шығармашылықты дамыту, өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық «Балдәурен – 2018» байқауы өтті.
Эстрадалық вокал, поэзия, халықтық музыка, халықтық ән және хореография секілді – барлығы 5 жанрдан тұрған сайыста балдырғандар барын салды. Алдымен қатысушылар іріктеу кезеңіне түсіп, одан өткендері гала-концертте өнер көрсетті. Нәтижесінде, поэзия жанры бойынша ақтаулық Қ.Ақболатова 1 орынға ие болды. Халықтық музыканы әдемі орындаған аудандық саз мектебінің шәкірті Н.Таңғатарова жеңімпаз атанса, вокал жанры бойынша тасқалалық Р.Хамидолла 1 орыннан көрінді. Сондай-ақ хореография  жанры бойынша  мың бұрала билеген тасқалалық «Айкөркем» бишілер тобы жеңімпаз атанды. Айта кету керек, бұның ішінде үміткерлерді ең көп жинаған эстрадалық вокал болды. Әділ қазылардың шешімі бойынша бұл жанрда өнер көрсеткен бүлдіршіндерге алғыс хат табысталды. Сондай-ақ Тоғайлы ауылынан келген Қ.Жақсығали «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды. Бұдан өзге П.Удуд, А.Жұмағұлова, А.Бекешева, Ә.Өтепова, А.Қалимолла және І.Төлеген секілді бір топ өнерпаз балдәурен дипломанты атанды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.