АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 14.05.2018


Құранды жатқа оқудан бақ сынасты

Күні: , 472 рет оқылды

Рамазан айы аясында Ұлы Жаратушыны дәріптейтін, қасиетті айды ұлықтайтын  бастамашыл игі шаралар атқарылды. Соның бірі «Құран – мәңгі мұғжиза» сайысына облыс көлемінен келген қатысушылар құранды мәнерлеп оқудан бақ сынасты.
«Руханият» қоғамдық бірлестігі мен аудандық мұсылмандар мешітінің ұйымдастырумен облыстық мешіт жамағатының қолдауымен өткен шараға Ақжайық, Сырым және көршілес Зеленов ауданынан үміткерлер қатысты. Алдымен жұма намазына жиналған жамағатқа облыстық мешіттің найб имамы  ораза ұстаудың жалпы ережелері мен оның сауабын, қасиетті айды толық құлшылықпен өткізудің жолдарын түсіндірді. Мұнан соң, қатысушылар арнайы дайындалған билеттегі құран сүрелері мен аяттарын мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде І орын ақжайықтық Д.Доскалиевке, ІІ орын сырымдық Қ. Тынымға, ІІІ орын зеленовтық А.Мақсутовқа бұйырды.

Б.Шакаев,

«Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Баймағамбетовтың жүлдесіне арналды

Күні: , 315 рет оқылды

Дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, КСРО спорт шебері К.Баймагамбетовтың жүлдесне арналған  жасөспірімдер арасында тартысты дода өтті.
Жарысқа    Орал қаласынан «Жекпе-жек» спорт мектебі мен  №4 БЖСМ, Казталов ауданы мен тасқалалық спортшылар қатысты. Нәтижесінде 23 келі салмақта тасқалалық А.Бисен, 26 келіде тасқалалық А.Бекмурзин, 29 келіде Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт мектебінің тәрбиеленушісі Н.Амандық, 32 келіде тасқалалық А.Бекмурзин, 35 келіде «Жекпе-жек» спорт мектебінің палуаны Б.Галиев, 38 келіде Орал қөаласынан келген №4 БЖСМ палуаны А.Әділетов, 42,46 және 50  келіде «Жекпе-жек» спорт мектебінің палуандары  Қ.Самиғулла мен Е.Исмагуло және М.Динши жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал 50 келіден жоғары салмақта №4 БЖСМ палуаны А.Мусретов бірінші орынға табан тіреді.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ


Мерейтойға арналды

Күні: , 341 рет оқылды

Аудандық «Балалар  мен жасөспірімдер спорт мектебінің» 50 жылдық мерейтойына орай  баскетболдан 2004 жылы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өткізілді.
Қыздар арасында өткен жарысқа 6 командадан 58, ұлдар арасында бес командадан  47  спортшы қатысып бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша  қыздар арасында жүлделі  I орын Ақтау орта мектебінің  командасына бұйырса,  II орынды Амангелді орта мектебі еншіледі. III орынға   БЖСМ-2 командасы жайғасты. Осы жарыста  «Үздік ойыншы» аталымы амангелділік К.Шариповаға,  «Үздік шабуылшы» аталымы ақтаулық Д. Бақытжановаға, «Үздік ортаңғы ойыншы» аталымы  БЖСМ-2 командасының мүшесі М.Утешкалиеваға бұйырды. «Үздік қорғаушы» аталымын  амангелділік А. Ергалиева жеңіп алды. Ұлдар арасында өткен сайыста  I орынды БЖСМ-2 командасы, II орынды «Сәулет» мектеп-лицейі, III орынды Ақтау орта мектебінің командасы жеңіп алды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» аталымы  БЖСМ-1 командасының мүшесі Б.Амангелдіге, «Үздік шабуылшы» ақтаулық А.Утегалиевке, «Үздік ортаңғы ойыншы» «Сәулет» мектеп-лицейі командасының мүшесі А.Есеналиевке, «Үздік қорғаушы» БЖСМ-2 командасының мүшесі Д.Кушеновке бұйырды.

Назгүл ЖӘРДЕМОВА


Қасиетті ай аясында

Күні: , 620 рет оқылды

«Руханият» қоғамдық бірлестігі және ауданның мұсылмандар мешітінің ұйымдастырумен облыстық мешіт жамағаты арасында «Тасқала барысы» қазақ күресінен ауданаралық сайыс өтті.
Діни сауаттылықты арттыру мен мешіт жамағатарының ауызбіршілігін насихаттау мақсатында оздырылған шараға Ақжайық, Бөрлі, Зеленов және Теректі аудандарынан келген қатысушылар белсенділігімен көзге түсті. Сондай-ақ байқау Пайғамбарымыз (с.у.с) сүннеті болып саналатын спорт түрін жастар арасында кеңінен дамытудың маңызы аталмыш басқосуда көрсетілді. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ облыс орталығынан арнайы келген мамандар қасиетті Рамазан айының сауабын айтып, спорт мұсылман баласының серігі екенін тілге тиек етті. Жарыс нәтижесінде 70 кг салмақта тасқалалық А.Мақашев жеңімпаз атанса, ІІ орынға сырымдық Б.Мұхитов, ІІІ орынға тасқалалық А.Асылбеков табан тіреді. Ал 90 кг салмақта сынға түскен жерлесіміз С.Юсупов жеңіс тұғырынан көрінсе, Сырым ауданынан келген С.Аманов, Ақжайық ауданының намысын қорғаған А.Өтешов ІІ және ІІІ орындарды бөлісті. 90 кг жоғары салмақта бақ сынасқан ақжайықтық Е.Белялов І орынды қанжығасына байласа, тасқалалық М.Менияшов пен зеленовтық Н.Ғалым жүлделі ІІ және ІІІ орынды қанағат тұтты.  

Б.Шақаев,

«Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.