АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.05.2018


Тәрбиенің қайнар көзі

Күні: , 454 рет оқылды

  Бала бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ұлттық сананы ояту мақсатында балабақша тәрбиешілері бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Аудан орталығындағы «Ақбөпе» балабақшасында ұйымдастырылған шара ұстаздардың шығармашылығын арттырып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Жиын «Сазды сәлем» аталатын бөлімнен басталды. Мұнан соң жалғасын тапқан «Көңіл-күй шаттығы» мен «Балдырғандар театры» да қатысушылардың өзара жылы қарым-қатынас орнатуына себепші болды. Сондай-ақ салт-дәстүр тақырыбында көрсетілген шеберлік сыныптар баланың ұлттық құндылықтан дәріс алатынын, сол арқылы жаман мен жақсыны ажыратуға, ұлттық болмысты сақтап қалуға жол салатынын дәлелдеді. Әсіресе салт-дәстүр тақырыбындағы «Лэпбук», ұлттық құндылықты дәріптер «Асық ойыны» ұстаздар тарапынан қошеметке ие болды. «Ақбөпе» балабақшасының меңгерушісі Д.Турганалиеваның айтуынша аталмыш шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында баланы ұлттық рухта тәрбиелеу, халық қазынасынан сусындата отырып білім беру мақсатында қолға алынған.
  • Балабақша – балаға білім беретін алғашқы мекеме. Оның болашаққа деген көзқарасын, өмірге деген қызығушылығын оятатын балбақша болса, әрі қарай оны жетілдіріп, қалыптастыратын мектеп. Сондықтан біз өз тарапымыздан баланың саналы болып есеюіне бар мүмкіндікті жасауға тырысамыз. Әсіресе ұлттық дүниелермен сусындату, халық мұрасынан көбірек хабар беру арқылы тәрбиелегіміз келеді. Бүгінгі шара да аудан көлеміндегі тәрбиешілерді жинап, олардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастырып отыр. Бұл ұстаздар үшін қандай креек болса, оқушыларымыз үшін сондай қажет шара,- деді Дария Сүлейменқызы.
  •   Әсемгүл БЕКЕШЕВА

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.