7.05.2015, 8:26
Қараулар: 32
Ақжайықтағы құлпытас

Ақжайықтағы құлпытас

DSCF6638


Теректі ауданы Ақжайық елді мекенінің батыс бетіндегі қоғамдық зираттың шығыс шетінде араб жазулы екі құлпытас сақталған. Осы құлпытастардың алдынан әлдекімдер қызыл кірпіштен қос күмбезді кесене тұрғызып, «Байболсын баба. Байұлы. Беріш Жайық», «Берекет баба. Тана» деген жазулы құлпытас орнатқан. Алайда көне құлпытас жазбалары басқа деректі көрсетіп тұр:


1. Әл-мархум әл-муттауафа

2. Кердері руғы Жабағы тайфасы Тоғай

3. аймағы Хасан Сералыұлы офат

4. болды 56 йашында 1896-ншы йылда

5. йаздырды ағасы Хұсейн.

6. (ру таңбасы)

Мағынасы: Кіші жүз Жетіру бірлестігіне кіретін Кердері руы, Жабағы тайпасы, Тоғай бөліміне жататын Сералыұлы Хасан 1896 жылы 56 жасында дүниеден өткен. Ескерткішті ағасы Хұсейін орнатқан.

Оқыған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар