7.05.2015, 7:17
Қараулар: 8
Ескерткіш тақта орнатты

Ескерткіш тақта орнатты

IMG_5226


Майдангердің ұлы Бейболат Ахметқалиев әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғұмар Досқалиұлы Ахметқалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатты.


Ғұмар аға фин соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Праганы азат етуде ерлік көрсеткен. Соғыс кезіндегі ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 Германияны жеңгені үшін» және 12 мерекелік медальдармен марапатталған.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсенов сөз алып, ардагер ағаның өнегелі өмір жолына тоқталып өтті. Сөйтіп, ұрпақтары осындай бір  ізгілікті  іс  атқарды.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Қазталов ауданы