7.05.2015, 7:17
Қараулар: 19
Байқау мәреге жетті

Байқау мәреге жетті

IMG_2223


Жеңіс күні қарсаңында «Приуралье» газетінің ұжымы ұйымдастырған «Жеңіс сарбаздары, сіздер-мен мақтанамыз!» атты оқушылар арасындағы шығармашылық байқау мәреге жетті.


Сейсенбі күні «Жайық Пресс» медиахолдингінде аталмыш байқаудың жеңімпаз-жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға барлығы 154 жұмыс ұсынылса, оның 11-і марапатқа лайық деп танылды. Арнайы комиссияның шешімі бойынша Ақжайық ауданы, Чапаев ауылының 9-сынып оқушысы Милана Садулаева «Жди меня, и я вернусь» атты шығармасымен байқау жеңімпазы атанды. Оралдағы №21 мектептің 7-сынып оқушысы Андрей Великанов және Дариян ор-та мектебінің (Зеленов ауданы) 4-сынып оқушысы Станислав Карпий екінші орын, Ал Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектептің (Сырым ауданы) 5-сынып оқушысы Мөлдір Қабдығалиева, Дариян орта мектебінің 7-сынып оқушысы Оксана Ткаченко және Теректі ауданындағы Ақсуат орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әсел Амангелдиева үшінші орынды иеленді. Анна Момот (Долин орта мектебі), Іляс Ғұсманов (№21 мектеп), Кәрім Мырзашев (№8 мектеп), Нұрсұлтан Салихов (Кирсанов негізгі мектебі) ынталандыру сыйлығына ие болды.

«Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин жеңімпаз-жүлдегерлерді құттықтап, диплом және ақшалай сыйлықтабыстады.

Шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын құттықтап, оларға сый-сияпат ұсынушылар қатарында облыстық төтенше жағдайлар департаменті, қалалық ішкі істер департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті, «Қазақтелеком» АҚ секілді іргелі мекемелердің өкілдері де болды.

Әсел АМАНГЕЛДИЕВА,

Ақсуат орта мектебінің

10-сынып оқушысы, байқаудың  үшінші орын иегері:

— Менің атамның әкесі Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шығармамды жазу барысында өзім осы кезге дейін біліңкіремеген атамның бет-бейнесін көз алдыма елестеттім. Атама деген сағынышым арта түсті. Осы байқау, бүгінгі сый-сияпат ерекше көңіл күй сыйлады. Әйткенмен ондай соғыс енді қайталанбаса екен деп тілеймін.

Станислав КАРПИЙ,

Дариян орта мектебінің

4-сынып оқушысы, байқаудың екінші орын иегері:

— Шығармамда арғы атам Григорий Лазебо туралы жаздым. Менің әжем Валентина Горбачёва Чеботарёв ауылында тұрады. Ол маған соғыс кезіндегі қиыншылықтар және әкесінің майданнан оралған сәті туралы көп әңгімелейді. Әкесі соғысқа аттанғанда, әжем небары 5 жаста болған. Ал атам соғыстан жараланып оралғанда, қатты қуанып қарсылаған қызына бір уыс кептірілген өрік береді. Әжем өз өмірінде одан асқан тәтті та-ғам жемегенін айтады. Мен өз шығармамда осы жайында кеңірек жаздым.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар