7.05.2015, 7:29
Қараулар: 21
Ардагерлерге Құрмет

Ардагерлерге Құрмет

SONY DSC


Жәнібек ауданының  әкімі Мұрат Мұқаев Жәнібек  ауылының соғыс және тыл ардагерлеріне «1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін табыс етіп, Жеңіс мерекесімен  құттықтап, игі тілегін арнады.


– Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері!  Сол бір сұрапыл соғыс жылдары «Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деп ерен ерлік көрсетіп, аянбай еңбек еттіңіздер. Бұны кейінгі ұрпақ әрдайым ескеретін болады, – деді Мұрат Рахметұлы, сонымен қатар аудан көлемінде жүзеге асып жатқан игі істерді тілге тиек етіп, алдағы уақытта Жеңіс күніне байланысты іс-шаралар жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев өз лебіздерін жеткізді. Ал ардагерлер атынан Мертен Мұстахұлы, Самиға Қайырова аудан басшысына және ел азаматтарына алғыстарын айтып, өз естеліктерімен бөлісті.

Арайлым  КЕСЕКОВА,

Жәнібек  ауданы

орда


Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов аудандағы соғыс және тыл ардагерлеріне мерекелік медальдарды табыстады.


Аудан басшысы бірінші сайқындық майдангер Камал Нарболовтың үйіне барды. Ақсақалды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаған әкім аудандық мәслихаттың 27 наурыз күнгі «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешімімен таныстырып, оның иығына Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы» лентасын тағып, өңіріне ар-найы төсбелгіні қадады. Содан соң Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медальді табыстады.

Ардагерлерге құрмет көрсету шаралары Хан ордасы, Бисен, Бөрлі, Мұратсай ауылдық округтерінде де өтті.

Мәди ЫҚЫЛАС