19.05.2015, 7:16
Қараулар: 9
Жүлдемен оралды

Жүлдемен оралды

спорт


Жуырда Талдықорған қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арнап мүгедек-спортшылар арасында пауэрлифтингтен республика чемпионаты өткен болатын. Сол жарысқа өңірімізден барған мүмкіндігі шектеулі спортшылар жүлдемен оралды.


«Аталған сайысқа өңір намысын қорғауға 6 спортшы қатысты.

Бәрі де жақсы нәтиже көрсетті. Бір спортшымыз  бірінші, екеуі екінші орынды иеленді. Республиканың барлық өңірлерінен келген спортшылар арасынан командалық есепте төртінші орынды иелену – жақсы  жетістік», — деді облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов.

Республикалық жарысқа алғаш қатысып, мүгедек әйел спортшылардың арасынан пауэрлифтингтен жүлделі екінші орын алған Сандуғаш Баймұханова спортпен шұғылданғанына алты ай болса да, осындай жетістікке жеткенін мақтан тұтатынын, бұдан бұлай да спорттан қол үзбейтіндігін айтты.

Нұрбек ЗӘКӘРИЯҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар