16.06.2015, 7:05
Қараулар: 155
Заң үстемдігі ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Заң үстемдігі ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

zakon-300x255


Облыстық прокуратура полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.


Нақтылып айтқанда, Зеленов АІІБ Приурал полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Ербол Мұхамбетов қылмыс жасауда күдікті деп танылған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен көпе-көрінеу заңсыз босату фактісі бойынша ҚР ҚК  413-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында  облыс прокурорының көмекшісі Юрий Астафьев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Е. Мұхамбетов ұрлық жасауда күдікті деп танылған кісіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатуға заңды негіздердің жоқ екендігін біле тұра, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату бағытында әрекет еткен. Сөйтіп, тараптардың бітімге келгендігімен байланыстырып қылмыстық істі тоқтату туралы заңсыз процессуалдық шешімді қабылдаған. Оның заңдылығын тексеру үшін шешімді прокуратураға  жолдамай, үш ай бойы өзінде ұстаған.

Бұл дерек тоқтатылған қылмыстық істерді тексеру кезінде прокуратура органдарымен анықталды. Соның нәтижесінде қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларымен тергеушінің заңсыз шешімі бұзылды. ҚР ҚК 413-бабымен арнайы прокурорлар басқармасымен Е. Мұхамбетовке қызмет-тік жалғандық жасау айыбы тағылып, оны сотқа беру туралы шешім қабылданды.

— Арнайы прокурорлар басқармасымен көпе-көрінеу жалған хабарлама жасау дерегі бойынша Ақжол Молдашевқа қатысты  қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды. Тергеумен анықталғанындай,  азамат А. Молдашев  ұрлық  бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, Қазталов АІІБ Жалпақтал полиция бөлімшесі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Ринат Дегенбаевтың оны азаптағандығы туралы жазбаша арызбен аудан прокурорына жүгінеді. Арызды қабылдаған прокуратура қызметкерлері оған ҚР ҚК 419-бабы бойынша көрінеу жалған хабарлама жасаудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін екенін айтып, ескертеді. Аудан прокуратурасымен бұл арыз сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген соң арнайы прокурорлармен тергеу басталды. Тергеу барысында жәбірленуші ретінде жауапталған А. Молдашев Р. Дегенбаевтың тарапынан  оған қатысты қолданылған азаптау дерегін растады.

Алайда кейін ол бұл пікірін өзгертіп, Р. Дегенбаевтың тарапынан оған азаптау шараларының қолданылмағандығын, бұған дейін хабарланған мәліметтері шындыққа сай келмейтіндігін, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында полиция бөлімшесі басшысына жала жапқандығы туралы жазбаша арызбен облыс прокурорына жүгінді. Қорғаушысының қатысуымен болған қосымша жауап алу барысында А. Молдашев жала жабу дерегін растады. Осыған байланысты, яғни қылмыс жағдайларының болмауына орай арнайы прокурорлармен қылмыстық іс тоқтатылды. Ал көпе-көрінеу жалған хабарлама жасаған А. Молдашевқа қатысты ҚР ҚК 419-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады және соған байланысты процессуалдық келісім жасау туралы облыс прокурорына  қолдаухатпен жүгінді.

Аталған қолдаухат  қанағаттандырылып, ағымдағы жылдың 26 мамырында А. Молдашевқа қатысты қылмыстық іс Қазталов аудандық сотына қарау үшін жолданды, – деді Юрий Астафьев.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар