9.07.2015, 6:02
Қараулар: 387
Суицид – жан дертіне дауа емес

Суицид – жан дертіне дауа емес


8

Кейбіреулердің өз-өзіне қол салуы бү­гінгі қоғамдағы өзекті мәсе­­ле­лер­дің бірі. Суицидтің фактор­ла­ры көп. Оны дөп басып, нақты айта алмаймыз. Дегенмен бұл пробле­ма­ға әр түрлі қырынан қарау қа­жет. Сондықтан мен бұл мәселеге дін саласы, рухани тәрбие жа­ғы­нан келмек ойым бар.


Адамның жаны – оған уақытша берілген аманат. Мысалы, сіз бір мекемеге басшы немесе жауапты қызметке тағайындалдыңыз делік. Енді осы ғимараттағы жи­һаздарды, мүлікті еркіңіз бойынша талан-таражға сала аласыз ба? Оларды қалаған адамға сатып немесе сыйға тарата аласыз ба? Әрине, жоқ. Бұлай жасай алмайсыз. Егер сіз бұлай жасайтын бол­са­ңыз, онда заң алдында жауапқа тартыласыз. Дәл сол сияқты жан – адамға берілген уақытша аманат. Оны өлтіру деген сөз басқаның аманатына қиянат жасаумен тең. Егер сіз осы аманатқа қиянат жасайтын болсаңыз, Алланың алдында жауапқа тартыласыз.

Күмәнсіз, Алла сендерге аманатты өз иелеріне табыс етуді жә­не адамдардың арасында билік қылатын болсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етті» (Ниса: 58).

Сондықтан Исламда адамың өзіне-өзі қол жұмсауына құқығы жоқ. Бұл – тыйым салынған әрекет. Ал енді «Мен өзімді-өзім өлтірсем, бұған ешкім жауапты емес» деген пікір – қате. Адам бұл қылмысы үшін жауапты. Бірінші Алланың алдында өзі жауапқа тартылады. Кейін сол адамның ата-анасы, сосын барып оны сол жағдайға душар еткендер сұралады. Өйткені перзент – ата-анаға аманат. Бұл туралы Құран мынаны айтады:

«Ей, иман келтіргендер! Өз­­де­ріңді және отбасыларыңды оты­ны адамдар мен тас болған то­зақ­тан сақтаңдар» (Тахрим: 6).

Ата-ана перзентін дүниенің азабы мен машақатынан қаншалық сақтаса, ақырет отынан одан да сақтауы шарт. Тәрбие жолында көркем мінезді, адамгершілік құн­­­­дылықтарды және жақсы мен жа­­­манды ажырата білуді үйрету, бұ­зық құрбы-құрдастардан қор­ғау, жеңіл өмірге әдеттендірмеу сияқ­ты т.б. Бірақ бүгін де баласының тәлім-тәрбиесімен шұғылданатын ата-ана аз шығар. Басым бөлігіміз «мансаптық өсу» (карьерный рост) деп отбасын ұмытып, шапқылап жүрсек, енді басқаларымыз «отбасын асырау қажет» деп бала тәрбиесін мектепке, қала берсе компьютерге қалдырамыз. Өсіп қалған ұл-қыздарымыз өз проблемаларымен өздері қалып қояды. Егер адам осылай материалдық (дүние, ақша, мансап сияқты т.б.) жағдайларды бірінші орынға қо­йып, ал рухани жан дүниені естен шығарып, бос қалдырса, онда ол бостықты азғындық, арсыздық, жаман ойлар толтырады. Адам осы екі жақты да (дүние мен ақы­рет­ті) бірге алып жүруге тырысуы ке­­рек. Мүмкін сонда барып, отба­сы­на, бала тәрбиесіне көбірек кө­ңіл бөлетін шығармыз.

Жастар қауымы батыс кинола­рын көріп, соларға еліктеп: «Мен өлсем, жаным рақат табады. Жа­рық әлемде періште сияқты ұшып жүремін», – деген ойдан аулақ бо­­луы тиіс. Бұл – адамның ойынан шы­ға­рылған өтірік. Керісінше, нағыз азап сол сәттен басталмақ. Бұған Құран мен хадистерде дә­лел­дер өте көп. Мен осылардың екі-үше­уімен ғана шектелмекпін. Мұ­хам­мед пайғамбар өзін-өзі өл­тірушіге қатысты былай деп айт­қан:

«Өзін-өзі тұншықтырып өлтір­­ген адам, тозақ отында тұншық­ты­рылады. Өзіне пышақ салып өлген адам, тозақта пышақталады. Өзін жар­дан тастап өлген адам, тозақ оты­на лақтырылады» (Ахмад, Әбу Дәут).

Сол сияқты өзін-өзі өлтірген адамды ақыретте ешкім жарыл­қамайды. Ешкім сізге қарап: «Мынау бейшара екен ғой. Мынаны жарылқау керек» деп ешкім сізді қамқорлық қанатына алмайды. Сондықтан суицид дегеніміз – өзін екі дүниеде де қор қылу. Бұған пайғамбардың мына хадисі дәлел:

«Сендерден бұрын қауым болды. Олардың ішінде біреуі жаралы болатын, кейін жарақатына төзе алмады. Ол пышақ алып, жарақатты қолынан сылып, алып тастады. Қаны тоқтамай ағып, со­ның салдарынан ол адам қайтыс болды.

Кейін ол Алла Тағаланың құ­зы­рына барған уақытта Алла Та­ғала:

– Пендем Менің алдыма өзін өлтіріп келді. Мен оған жәннат­ты харам қылдым, – деп айтты» (Бұхари, Мүслим).

Бұған қоса адам өзін-өзі қалай өлтірсе, ақыретте де солай азап­қа салынады: «Кім өзін қалай өлтір­се, қиямет күнінде сол нәрсемен азап­талады» (Бұхари, Термези).

Қорыта келе айтарымыз, хадистерден көргеніміздей, адам өзін өлтіріп дүние машақатынан немесе жан азабынан құтыла алмайды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы мынадай қызық жағдайды растап отыр. Олардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес өзге мемлекеттерге қарағанда мұсылман мемлекеттерінде суицид көрсеткіші әлдеқайда төмен екен. Өйткені иманы жоқ адам: «Егер мен өлсем, онда бұл өмірде­гі қиыншылықтардан құтыла­мын», – деп ойлап, өзіне қол жұм­сай­ды. Адамның жүрегінде има­ны болмаса, ол Құдаймен сыр­ла­са алмайды, Оған мұңын шаға ал­­май­ды. Ал күнделікті күйбең тір­­­шілік­тің машақаттары адамды қы­­­сып, күн­нен-күнге өмірін қиын­­­да­тады. Жү­регінде өзінің мұң-мұқ­та­жын айтатын Құдайы жоқ болғандықтан жаны қысылып, кең дүниеге сый­май кететіндер қан­ша? Ал біз, Құ­дай­ға шүкір, жүре­гін­де иманы бар қа­зақ халқының ұр­пағымыз.

Жалғыс САНДЫБАЕВ,

философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы

Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті қызметтен зар­дап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған сенім телефондары:

8 (7112) 26-75-88, 24-44-11. «Қауырт желі» — «114»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар