7.08.2015, 19:07
Қараулар: 16
Сәбилер де, үлкендер де Шәмші әндерін шырқады

Сәбилер де, үлкендер де Шәмші әндерін шырқады

Akjayik-Shamshi-243x350Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымында бүлдіршіндер арасында осындай атпен сазды бағдарлама өткізілді.

Әр топтан өнерлі балалар ортаға шығып ән шырқады. Атап айтсақ, Еркеназ Шынаева «Туған жер», Ералы Байбатыров «Ойлан, тап», Шыңғыс Батыр мен Әсемай Әубәкірова «Мен ауылға барамынды» әуелетсе, сахнаға үлкендер де шықты. Ата-аналар Ш.Қалдаяқовтың халыққа белгілі, қаншама жыл өтсе де ұмытылмайтын, ескірмейтін туындыларын сүйсіне шырқады. «Балбұлақтың» тәрбиешілері Жансұлу Сәрсенғалиева мен Әлия Байтімова «Ана туралы жырды» әуелеткенде де оларға бүкіл ауыл қосылғандай болды. Сәбилер әйгілі композитор туралы сұрақтарға жауап берді.

Музыка жетекшісі Ғалия Альсейтованың ұйымдастыруымен өткен айтулы шараның әр баланың әнге, музыкаға деген талпынысын жетілдірудегі орны зор болды.

Бұл бағдарлама кішкентайлардың өнерге сүйіспеншілігін қанаттандыра түскені сөзсіз. Ауыл-аймақта жыл сайын өткізіліп тұратын «Әнші балапан» байқауында балалар жүлделі орындарға ие болып келеді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар