7.08.2015, 9:42
Қараулар: 13
Ақжайық ауданының бір тұрғынын телефон алаяқтығы сан соқтырды

Ақжайық ауданының бір тұрғынын телефон алаяқтығы сан соқтырды

Akjayik-telefon-350x185 Ақжайық ауданық прокуратурасы тұрғындарды осындай алаяқтық әрекеттерден сақ болуды ескертуде. Жуырда  бір тұрғын сондай жағдайдан сан соғып қалған.

Телефон соғу арқылы алаяқтық жасау өкінішке қарай, қазіргі таңда ең танымал көріністердің бірі  болып табылады. Кейбір уақытта телефонға хабарлама келеді, әйтпесе біреу телефон соғып, «Сіз жүлденің иесі» болғанын айтады. Қайдағы бір акциялардан ұтқаныңызды «ақ жүректен» хабарлайтындар да көбейіп тұр. Сөйтіп, сүйінші сұрайды. Яғни, мысалы, телефонның бірлігін тездетіп толтыра қоюды сұрайды.

– Мысалға, ағымдағы жылы,-деді Ақжайық ауданы прокурорының аға көмекшісі Досбол Жұманов,- ауданымыздың Д. есімді тұрғынының (әйел адам, 20 жастан асқан) ұялы телефонына белгісіз біреу хабарласып, өзін «Никея» компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, оның «Лада Приора» автокөлігін ұтып алғандығын, сол себепті хабарласып тұрған ұялы телефон нөмірін 54 000 теңгеге ұялы байланыс бірліктерімен толтыруды өтінген. Д. оның бұл өтінішін орындайды, кейін бірақ алданғанын біледі.

Қазіргі уақытта алаяқтық оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар