14.09.2015, 16:00
Қараулар: 4
Сорочин жәрмеңкесі – 2015

Сорочин жәрмеңкесі – 2015

Taskala Soro4kin    Өткен аптаның соңғы күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Еднання» украин» мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай дәстүрлі украин ұлттық мейрамы — Сорочин жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев қатысып, жиналған қауымның алдында сөз сөйлеп, мерекелерімен құттықтады. Биыл Сорочин жәрмеңкесі тоғызыншы мәрте тойланып отыр. Оған Тасқала, Зеленов, Теректі, Шыңғырлау, Бөрлі  аудандарынан украин ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысып, ұлттық тағамдарын ұсынып, украин тілінде ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар осы жәрмеңкеге арнайы Ақтөбе облысының бір топ делегациясы қатысты. Шара соңында Тасқала ауданының «Надежда» вокалдық тобы «Үздік делегация» аталымын жеңіп алды. Осыған қоса «Үздік көкөніс компазициясы» аталымы бойынша біздің делегация жеңімпаз атанып, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар