14.09.2015, 9:03
Қараулар: 49
«Сот актілерін орындау мәселелері»

«Сот актілерін орындау мәселелері»

Tskala kilmistik is boyinsha brifing otkizildi   Дәл осындай тақырыппен аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында аудандық сот және сот орындаушысының, сондай-ақ ІІБ бастығы мен  участкелік инспекторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шараны Тасқала аудандық сотының судьясы Н.Самарханова ашып, сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Сонымен бірге, құқық бұзушыдан өндіріп алынатын соманы өз еркімен төлеу бөлігіндегі сот қаулыларының орындалуы төмен деңгейде екені де сөз болды.

Тасқала аудандық сотымен БҚО Әділет Департаментіне,  «Сот актілерін орындау Тасқала аумақтық бөлімі» және  басқа облыстық әділет Департаменттері мен  аудандық  филиалдарына ескертпе жолдағанына қарамастан, аудандық соты 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін кеңседе бүгінгі күнге  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер орындалмай, сот мұрағатына өткізілмей тұрғаны көрсетілді.

Сондай-ақ  «дөңгелек үстелге» қатысушылар сот шешімдерінің орындалмауына байланысты мәселелер мен проблемалардың шешімін табуды мұқият түрде зерделеп талдады және оны орындау әрі шешу мақсатында ұсыныстар қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Ж.Өтегенова

Тасқала ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар