27.11.2015, 10:25
Қараулар: 547
Бюджет нақтыланды

Бюджет нақтыланды

3

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс  XXXV  сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі С.Әлиев, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, сондай-ақ мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.


Сессияның күн тәртібінде Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндама жасаса, аудандық мәслихаттың бюджеттік даму, қаржы, рыноктық қатынас мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ж.Жамансариев жарыссөзге қатысты.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде баяндады.
Үшінші мәселе бойынша құрамы үш адамнан тұратын есептік комссия сайланып, аудандық мәслихаттың учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу жөнінде Т.Ержігітова хабарлама жасады.
Сессия соңында аудан әкімі С.Әлиев сөз сөйлеп, бюджетті нақтылауда депутаттардың қосар үлесінің мол екенін тілге тиек етті.

Өз тілшіміз