6.01.2016, 19:20
Қараулар: 15
Алаңдағы жаңа жыл

Алаңдағы жаңа жыл

0202

Желтоқсанның 31-і күні кеште орталық алаңда жаңа жылға арналған мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева мен аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Рахимов қатысты.


Алаңға ағылған аудан жұртшылығы шара басталғанша ортаға құрылған шырша жанында әсем әуен ырғағымен би биледі. Сол күнгі қытымыр аяз да көңіл көтеремін деушілерге кедергі бола алмады.
Алдымен жүргізушілер жиналған жұртшылықты жылытып алуды жөн көрсе керек, түрлі ойындар ойнатып, би билетті. Тіпті түрлі ертегі кейіпкерлері болып киінген әрбір мекеме ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, жиналғандарға өз тілектерін білдірді.
Содан соң, ортаға Сансызбай Бақтығалиұлы шығып, аудан халқын жаңа жылымен құттықтады.
Шара соңы мерекелік от шашу мен би кешіне ұласты.

Рауан САТЫБАЛДИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар