15.01.2016, 15:59
Қараулар: 129
Ұлт жоспарын талқылады

Ұлт жоспарын талқылады

Қаңтардың 13-і күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласынан туындайтын шаралардың жүзеге асуы туралы  мекеме, бөлім басшылары мен  үкіметтік емес ұйым өкілдері және сала мамандары қатысқан  дөңгелек үстел  өтті.

            Отырысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова ашып, жүргізді. Ұлт жоспарының бірінші бағыты – мемлекетті кәсібилендіру бойынша аудан әкімі аппаратының бас маманы З.Рахметулова баяндама жасады. Ал, екінші бағыт – құқық тәртібі мен заңдылық бойынша аудандық соттың бас маманы Ғ.Молдашев енгізілген өзгерістер туралы айтып өтті.  Үшінші бағыт – бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің басшысы А.Өтеген және  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шүкіров те өз баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, осы бағыт аясында әлеуметтік жаңғыртулар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Р.Бермұханов тілге тиек етсе,  Ұлт жоспарының соңғы бағыты – қоғамға есеп беретін ашық мемлекет тақырыбында  аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова сөз сөйледі.

Шара соңында барлық қойылған  сұрақтарға жауап берілді..

Манас Маратұлы


Ұлт жоспары