15.01.2016, 16:00
Қараулар: 4
Аумақты дамыту бағдарламасы бекітілді

Аумақты дамыту бағдарламасы бекітілді

Аптаның алғашқы  күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы болып өтті.

Аталмыш жиынға аудан әкімі С.Әлиев, аудан прокурорының  кеңесшісі Қ.Ғайсин, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен мекеме бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының  аумақты дамыту бағдарламасы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндама жасады. Содан соң аудандық мәслихаттың бюджеттік даму, қаржы, рыноктық қатынас мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ә.Сәрсенбаев жарыссөзге қатысты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің  Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына ұсынылған кандидатураға келісім беру жөнінде аудан әкімі С.Әлиев хабарлады. Одан әрі аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру  жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш, сондай-ақ аудандық мәслихаттың кейбір күшін жойған шешімдері туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова хабарлады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Санжар Жұматайұлы кез-келген істі біріге шешуде депутаттар корпусының қосар үлесінің зор екенін тілге тиек ете келіп, жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.


сессия қаңтар