29.01.2016, 8:57
Қараулар: 8
Қысқы cпартакиада да бақ сынады

Қысқы cпартакиада да бақ сынады

1-5-2016

Жуырда « Жастар» стадионында аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қысқы президенттік көпсайыстан чемпионат өтті.


Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімнің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысып, барлық спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш жарыс шаңғы, мылтық ату, күшті гимнастика бойынша өткізіліп, оған аудан орталығындағы үш орта мектеп пен «Сәулет» мектеп-лицейі, сондай-ақ Ақтау, Амангелді, Шипов орта мектептерінің оқушылары қатысып, бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша, асығы алшысынан түсіп, бірінші орынды «Сәулет» мектеп-лицейі иеленсе, екінші орын балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды. Ал үздік үштікті С.Жақсығұлов атындағы орта мектебінің командасы иеленді.
Осылайша, үздік шыққан командалармен жарысқа қатысқан барлық спортшыларға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мэлс Жасанғалиұлы диплом мен ескерткіш сыйлықтарды табыстады.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар