29.01.2016, 9:02
Қараулар: 17
Өрт сөндірушілер жеңісі

Өрт сөндірушілер жеңісі

5-5-20162015 жылы 1 ақпан мен 1 желтоқсан аралығында БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ұйымдастырумен «Ең үздік өрт сөндіру бөлімі» атты облыстық байқау-конкурсы өткен болатын.


 

Бұл сайысқа барлық аудандардағы өрт сөндіру бөлімдері қатысты. Сайысқа қатысқан сайыпқырандардың құтқарушылар екенін ескерсек, бұлардың ішінде осалы болмасы белгілі. Дей тұрғанмен, жерлестеріміз жарыста жеңімпаз атанды. Дәлірек айтсақ, облыстың ауылдық елдімекендерін қорғайтын бөлімдер ішінен облыстық байқау-конкурста БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 13-ӨСБ ұжымы, яғни, Тасқала аудандық өрт сөндірушілер бригадасы бірінші орынға ие болды. Бұл да болса, ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың нәтижесі. Жеңістерің құтты болсын!

Рауан Сатыбалдиев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар