5.02.2016, 8:22
Қараулар: 11
Дөңгелек үстелде бас қосты

Дөңгелек үстелде бас қосты

1-6-2016

Бүгін  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында бастауыш партия ұйымдары төрағаларының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде  қабылданған іс-шараларды  жүзеге асыру мақсатында  дөңгелек үстел  өтті. 


 

Аталмыш жиында алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез — Съезде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» халық алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындағанын мәлімдеді және партия алдына нақты міндеттер қойды. Ең басты саяси оқиға — съезде «Қазақстан — 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа сайлауалды бағдарламасының қабылдануы. Аталған құжаттың бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленгенін атап өткен жөн. Платформада партиямыздың жақын арадағы 5 жылда қалай жұмыс істейтіні, қазақстандық қоғамның бірлігін қамтамасыз ету, ғылым, мәдениет пен спорт салаларын дамыту жолында атқаратын қызметтері нақты түрде жазылған деді.
Одан әрі жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Назгүл Серікқызы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар