5.02.2016, 8:24
Қараулар: 12
Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

2-6-2016

Қаңтардың 28-і күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесі бойынша Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.


Отырысқа Тасқала ауылдық округ әкімі С.Өтемісова, аудандық коммуналдық-шаруашылық мекемесінің директоры Р.Халилаев және комиссия мүшелері қатысты. Шараны комиссия төрағасы Г.Тұрғанәлиев ашып, жүргізіп отырды. Басқосу барысында аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша атқарылған істер мен алдағы жоспарлар туралы айтылды. Сонымен қатар, айта кету керек, былтыр Стадионный, Ахметқалиева және Шевченко көшелерінің тұрғындары өз қаражаттарымен, коммуналдық-шаруашылық мекемесі және ауылдық округ әкімінің қолдауымен таза ауыз суға қол жеткізгені тілге тиек етілді. Бұндай бірлесе істелген жақсы бастамалар әлі де жалғасын табатын болады.

Манас Әжіғалиев 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар