12.04.2016, 15:22
Қараулар: 18
Бюро мүшелері бас қосты

Бюро мүшелері бас қосты

Сәуірдің 12-сі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.


       Копия бюро отырысы

    Отырысты аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы С.Әлиев ашып, бюро талқысына күн тәртібіндегі үш мәселені ұсынды. Олар: аудандық мәслихатта «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясын құру, депутаттық фракция жетекшісінің кандидатурасын келісім үшін «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалына ұсыну және қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттарының биылғы жылдың І жартыжылдығына азаматтарды қабылдау кестесіне өзгеріс енгізу туралы. Шара соңында осы мәселелерді бюро мүшелері талқылап, бірауыздан қолдап, бекітті.

Манас ӘЖІҒАЛИЕВ,

Тасқала ауданы 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар