12.04.2016, 17:59
Қараулар: 15
«Жібек жолы» жеңіспен оралды

«Жібек жолы» жеңіспен оралды

Копия жібек жолы


Кеше  ауданымыздағы Н.Кадырқұлова жетекшілік ететін  ер балалардан құрылған «Жібек жолы» халықтық би тобы Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Азия Чемпионатына қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленіп қайтты. Тәуелсіздік сарайында өткен аталмыш шараға Ресей, Грузия, Қырғызстан, Әзербайжан, Жапония, Қытай, Австрия мемлекеттерімен қоса Қазақстаннан барлығы үш мыңнан астам  үміткер қатысып, бақтарын сынады.

Екі күнге созылған байқауда дүниежүзі халықтарының билерін орындауда үлкен және кіші топ бойынша  28 ұжымның арасынан «Жібек жолы» би  тобы үздік деп танылды. Олар грузин халқының  ұлттық биі лезгинканы  билеп,  әділқазылар алқасының көңілінен шықты. Құрылғанына аз ғана уақыт болған аталмыш би ұжымының бұл алғашқы жетістігі. Енді, олар шілде айында Қырғызстанда өтетін халықаралық би байқауына қатысып,  Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар