13.04.2016, 17:36
Қараулар: 19
Тәуелсіз елдің мұралары

Тәуелсіз елдің мұралары

111_2034


 

Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жауқазын-2016» жобасы аясында Тасқала аудандық  балалар шығармашылығы орталығының жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің  көрмесі ашылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз  елдің мұралары» атты көрмеге  аудан орталығынан  25 оқушының  туындылары, яғни 95 экспонат шығарылды. Олардың қатарында ағаш  пен  теріден, сонымен қатар, бисер мен апликациядан жасалған бұйымдар мен суреттер және  «Туған өлкем — Тасқала» атты фотокөрме, балалардың өздері құрастырған робототехникалар болды.

Шараға  жерлестеріміз  ақын, Тасқала ауданының құрметті азаматы А.Нәріков, «Егемен Қазақстан» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі, журналист  Т.Құсайын, ардагер ұстаздар М.Набиева, Б.Тасмағамбетов, С.Ажбаевалар мен «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамбілінің жетекшісі болған зейнеткер А.Елжанова,  Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері  Ж.Рахимова мен Қ.Қожақовтар қатысып, көрмені тамашалады.

Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева  аталмыш жобаны ұйымдастырушыларға ризашылығын  білдірді. Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында ұйымдастырылған дәстүрлі жобаның мақсаты да аға буын өкілдерінің жұмыстарын әрі қарай дамытып, жас таланттарды анықтау  оларға қолдау білдіру керектігін және бұл аудан көлемінде жалғасып келе жатқанын тілге тиек етті.

Одан әрі халықаралық байқаулардың лауреаты «Айжұлдыз» би тобы дөңгелене би билесе, «Сәулет» мектеп-лицейінің жанынан құрылған  «Көркем» тобының қағаздан жасаған топтамалары көрерменнің назарына ұсынылды.

Жиналғандар көрменің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар