22.04.2016, 9:59
Қараулар: 27
Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

111_2134


 

Жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы өтті.


Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндаса, 2016 жылы аудандық мәслихаттың сессиясында қаралатын негізгі мәселелер жөнінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова хабарлады. Одан әрі аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш ауданда өткізілетін жиналыстар, митингілер, шерулер мен пикеттер және демонстрацияларды өткізудің тәртібін қосымша реттеу туралы депутаттар алдына өз баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясын тіркеу туралы да сессияның күн тәртібінде қаралды. Бұл мәселе жөнінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез хабарлады.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелерге аудан депутаттары бірауыздан қолдау білдірді.
Жиын соңында аудан әкімі Санжар Әлиев ауданда атқарылатын ауқымды жұмыстарды тілге тиек етті. Әсіресе, Оян, Атамекен жолдарын біртіндеп жөндеуге қаражаттың бөлінетінін, Шежін ауылындағы Нариман карерінен аталмыш ауылдардың жолдарына қиыршық тас (шебень) жеткізілетінін айтты. Және осындай маңызды жұмыстарды шешуге депутаттар тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын да жасырмады.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар