22.04.2016, 10:23
Қараулар: 35
Әскери-спорттық ойыны өтті

Әскери-спорттық ойыны өтті

Жақында Қ.Сәтбаев мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мектеп оқушылар арасында  аудандық «Алау» әскери-спорттық ойыны өтті.


Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысып, қатысушыларға сәтілік тіледі.  Жарыс саптық байқау, «Ерлікке жүрекпен ұмтылу!» атты патриоттық әндер қойылымы, біріктірілген эстафета және  атыс дайындығы бойынша өткізілді. Жарыс тартысты және қызықты өтті. Жалпыкомандалық есепте І орынға Шежін мектебі ие болса, ІІ орынға Амангелді мектебі қол жеткізді, ал ІІІ орынға Шипов орта мектебі табан тіреді.

Барлық қатысушы командалар аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Есенжол Елекенов

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар