26.04.2016, 16:08
Қараулар: 1
Жыл мұғалімі – 2016

Жыл мұғалімі – 2016

Копия жыл мұғалімі


Жуырда мектебімізде оқу ісінің меңгерушісі А.Габдуллинаның ұйымдастыруымен «Жыл мұғалімі – 2016» байқауы өтті.


Байқау ІІ бөлімнен тұрды. Бұл байқауға І Шежін мектебі мен Амангелді мектеп-балабақшасынан 7 мұғалім қатысып, бақтарын сынады.. Сайыскерлер таныстыру сәтінде, бірі бейнебаян желісі арқылы, бірі өз отбасымен келіп, театрландырылған көрініс арқылы, тағы бірі өлең жолдарын оқу арқылы өз өмірімен таныс етті. Екінші кезеңде барлық қатысушылар өз портфолиоларын сәтті қорғап шыға білді. Соңғы кезең өз өнерін көрсетуде де сайыскерлер, би билеп, ән айтып, спорттық ойын түрлерін көрсетіп, сиқыр әлеміне саяхаттап, көрермендерді бір демалтып тастады. Байқау нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды І Шежін мектебінің мұғалімі С.Сүндетқалиева, Амангелді мектеп-балабақшасының мұғалімдері Э.Закирова мен Р.Тулегенов бөліссе, ІІ орынды мектебіміздің тәрбиешісі К.Жардекова мен бастауыш сынып мұғалімі Ж.Щурихина иеленді. Жүлделі І орынды химия пәнінің мұғалімі А.Сүйіналиева қанжығасына байлады. Байқаудың бас жүлдесі бабы мен бағы қатар жанған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Бөлекбаев «Жыл мұғалімі-2016» атағын жеңіп алды. Осы мұғаліміміз ауданда оздырылатын «Жыл мұғалімі» байқауына қатысуға жолдама да алды.

            Арайлым Серікқалиқызы,

Амангелді мектеп-балабақшасының

тарих пәні мұғалімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар