19.05.2016, 11:40
Қараулар: 16
Ашық диктант акциясы

Ашық диктант акциясы

Копия Диктант фото


Сәрсенбі күні аудандық кітапхана мен колледжде және Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісімнің» бастамасымен Ел тәуелсіздігінін 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпы қазақстандық ашық диктан өткізілді.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында өткен акцияға мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласының өкілдері қоғамдық  бірлестіктердің мүшелері, жастар, студенттер, мектеп оқушылары және ниет білдіруші аудан тұрғындары қатысты.

Ашық диктанттың ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова «Мәңгілік Ел»  патриоттық  актісінің идеясын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мемлекеттік тілді нығайту мен қатар этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға сондай-ақ, қатысушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге бірден-бір мүмкіндік болып табылады.

Айта кетейік «Мәңгілік Ел» тақырыбында жазылған диктант мәтіндерін тіл мамандары оқыды.

Е.ЕЛЕКЕНОВ 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар