19.05.2016, 11:46
Қараулар: 22
Кеңес отырысы

Кеңес отырысы

Копия Кеңес отырысы фото


Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында  Б.Тасмағамбетовтың төрағалығымен қоғамдық кеңес жиыны өтіп, оған аудан әкімі С.Әлиев пен  кеңес мүшелері қатысты.


Айтулы жиынды қоғамдық кеңес төрағасы Бақтығұл Жұмажанұлы ашып жүргізді.

Алғаш болып аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков баяндама жасады. Айтуынша ауданда жалпы саны 39 мәдени нысан болса, оның ішінде 27 кітапхана, 11 мәдениет үйі, бір кинотеатр мен бір клуб жұмыс жасап тұр екен. Сонымен қатар Ақтау мен II Шежін ауылында екі балалар кітапханасы ашылған. Аталмыш мәдени нысандардың жетеуі көмірмен ал, қалған 32 ғимарат газбен жылтылатын болса, ағымдағы жылдың жылыту маусымында Ынтымақ пен Тоғай ауылында орналасқан екі кітапхана газға қосылған көрінеді. Сондай-ақ  Достық ауылынан бір мәдениет үйі салу жоспарға еңгізілген және үш мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу керектігін жеткізді. Соңғы үш жылда аудандық мәдени-демалыс орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен 7 млн.656 мың теңге қаржы бөлінген. Осы уақытқа дейін аудандық өнерпаздар бес халықаралық, екі республикалық, екі аймақтық, тоғыз облыстық байқаулардан жүлдемен оралып жүрген көрінеді.

Мұнан соң  ағымдағы жылдың аудандық бюджетке түсімдері туралы  экономика-қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндамасын оқыды. Аудандық бюджетке түсімдер 2454,4 млн.теңгені құраса, соның ішінде өзіндік кірістер 469,6 млн. теңге екен. Ал, осы жылдың 1 қаңтарына бюджеттің шығыс бөлігі жоспарға сәйкес 99,9 % пайызға орындалған. Аталмыш қаржы аудандық білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт туризм және ақпараттық кеңістік пен ауыл шаруашылығына сондай-ақ, тағыда басқа салаларға жұмсалғанын айтып өтті.

Ізінше мінбеге көтерілген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мұсалімова пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар  мен ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарға жұмыс орындарына квота белгіленгені туралы тілге тиек етті. Және қазіргі таңда қылмыстық атқару инспециясының пробация қызметінің есебінде тұрған сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған он адам тіркеліп, алтауы қоғамдық жұмысқа орналасса, біреуі газдәнекерлеуші мамандығына  оқуға жіберілгендігін мәлімдеді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар