19.05.2016, 11:51
Қараулар: 20
Спорт — денсаулық кепілі

Спорт — денсаулық кепілі

Копия спорт


Тасқала ауданында тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамытуда аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебі мен Тасқала аудандық мәдени-ойын-сауық және спорт клубы біркелкі жұмыстар атқаруда.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар арасында денсаулық клубы жұмыс істейді.

Сонымен қатар қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо, самбо, қол күресі, гір көтеру тағы да басқа спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, бұқаралық спортты насихаттауға  үлес қосып келеді. Былтырғы жылы осы бағытта 32 спорттық шара өткізіліп, оған үш мыңнан астам адам қатыстырылса, облыстық деңгейдегі 26 жарысқа 243 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.

М.Жексенгалиев,

Тасқала ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар