19.05.2016, 12:07
Қараулар: 18
«Тәуелсіздік — тәу етер бақытым»

«Тәуелсіздік — тәу етер бақытым»

Копия әжелер


Жуырда дәл осындай тақырыппен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблі тәжірибе алмасу мақсатында Достық ауылдық округінде болды. Шара барысында ақтілеулік әжелер ұмытылып бара жатырған ұлттық салт-дәстүрді қайта жаңғыртып, сондай-ақ сан ғасырлық тарихы бар, қазақ музыкасының терең бір арнасы «Қара өлеңді»  кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытында жиналғандарға бірнеше деректер ұсынды. Соның ішінде  «Киіз басу» дәстүріне тоқталып,  үлгі ретінде қазақтың қара өлеңін айта отырып,  киіздің қалай басылатынын көрсетті. Ал,  «Салтанат» әжелер ансамблінің мүшелері  ұлттық салт-дәстүріміздің бірі «Қыз жасауын» қалай жасайтынын көрсетті және отырып жас ұрпаққа қазақтың көптеген ырымдарын баяндап берді. Мағыналы сұхбат арқылы өрбіген мұндай шара бұдан кейін де жалғасын табады деп есептеймін.

Зульфия Шайхина,

«Ақтілеу» халықтық әжелер

ансамблінің сүйемелдеушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар