19.05.2016, 12:12
Қараулар: 13
Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды


Копия акимат (2)Әкімдіктің  мәжіліс залында  аудан басшысы Санжар Әлиевтің төрағалығымен аудандық ардагерлер кеңесінің  кезектен  тыс  отырысы  өтті.  Оған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Мұхамбетов пен аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кеңес  отырысының  күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Ол аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау.  Алғаш болып  сөз алған аудан әкімі Санжар Жұматайұлы  2009 жылдан бері аудандық ардагерлер кеңесіне жеткшілік жасаған  Арон Жұбанышевтың  атқарған жұмысына   шынайы ризашылығын білдіріп, иығына шапан жауып, алғысхат табыс етті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасына осыған дейін көптеген лауазымды қызметтерді атқарған А.Сүндетбаевтың кандидатурасын ұсынды.

Кеңес мүшелері оны бірауыздан қолдады.

Жиын соңында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Мұхамбетов сөз  сөйлеп, жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тіледі. Маңызды мәселелерді жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып шешетініне сенім білдірді.

 М.Жексенғалиев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар