13.06.2016, 10:16
Қараулар: 19
“Otau tv” отандық жерсерікке қосылады

“Otau tv” отандық жерсерікке қосылады


8 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы БҚО филиалы директорының орынбасары Н.Қыдыров пен аталмыш мекеменің бас маманы Г.Габдулова «KazSat-3» жерсерігіне көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жиын өткізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ аппаратының бас мамандары, ауылдық мәдениет үйлерінің директорлары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен жастар жетекшілері қатысты.
— Қазіргі таңда аудан бойынша «Otau TV» желісіне 1528 абонент қосылған. Аталмыш жерсеріктік телехабар тарату желісі абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіру жұмыстары ауданымызда жүйелі жүргізілуде. Бұған дейін жерсеріктік «Otau TV» телехабар таралымы шетелдік жерсерік арқылы жұмыс жасап келген болатын. «Otau TV» желісінде сапалы сигнал болмағандықтан «KazSat-3» жерсерігіне ауысу қажет. Аталмыш жерсерікке ауысқан жағдайда барлық ақылы каналдар бір ай тегін көрсетіледі. Сондай-ақ арнайы диллер барып, баптауларды жүктеп берген жағдайда қызмет ақысы екі мың теңге көлемінде. Осылардың барлығын аудан мен ауыл тұрғындарына жеткізу қажет, — деді «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы БҚО филиалы директорының орынбасары Нұрлан Қуанғалиұлы.Копия казсат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар