13.06.2016, 10:28
Қараулар: 42
Біздің балауса жұлдыздар

Біздің балауса жұлдыздар


 

Маусымның 2-4 аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында II Республикалық «Балауса жұлдыздар» балалар және жасөспірімдер өнер байқауы өтті.

Хареограф Маягүл Сариева тәрбиелейтін бүлдіршіндер бұл байқаудан жүлделі оралды. «Айкөркем» би тобы бас жүлде, «Сымбат» би тобы бірінші орын иеленсе, Маягүл Нұрланқызының өзі «Үздік педагог» атанып, бишілері бас жүлде алғаны үшін алтын, бірінші орын алғаны үшін күміс медаль иеленді.
Сонымен қатар аталмыш байқаудан саз мектебінің оқушысы Камила Саматова домбыра аталымы бойынша 2-орын алып, ұстазы Райгүл Жадаеваның үмітін ақтады. Жүлдегер балақайларды Қазақстанның еңбек сіңірген мәдени қайраткері Жұбаныш Жексен марапаттады.
Копия маягүл

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар