13.06.2016, 15:54
Қараулар: 20
Мегажоба Мерейде

Мегажоба Мерейде


8 маусым күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» аясында өткізіліп келе жатқан мегажоба биыл Мерей ауылдық округінен бастау алды.
Еліміздің тыныштығын, татулығын және достығын нығайту, ауылдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату мен ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында жасалынып жатқан игі шараға Тасқала ауылының бір топ делегациясы қатысты.


Копия мега

Мегажобаның ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарды еске алып, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып, ауылдық әкімдігінің ауласына естелік ретінде жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Одан әрі ауылдық әкімдіктің ғимаратында еңбек ардагерлерімен бас қосып, дөңгелек үстел басында еліміздің тыныштығы мен ұрпақ тәрбиесі туралы әңгіме өрбітті. Шараның екінші бөлімі ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Күмбірлеген күй мен әуелеген әсем ән көрермендерге қуаныш сыйлады. Жиналған қауым әр ұлттың тағамдары мен оқушылардың төл туындыларын тамашалады. Тасқала ауылының бүгінгі жетістіктері туралы бейнефильм де көрсетілді.
Шара соңында Тасқала ауылдық округінің әкімі Светлана Өтемісова «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасын салтанатты түрде Мерей ауылдық округінің әкімі Қазихан Тәшімовке табыстады. Келесі кезекте мерейлік делегация Ақтау ауылына жол тартады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар