15.06.2016, 12:28
Қараулар: 38
«Жібек жолы» – жеңімпаз

«Жібек жолы» – жеңімпаз


 

Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының ұйымдастыруымен жуырда Шымкент қаласында «Қазақстандық жазғы өнер және би ойындары» байқауы өтті. Аталмыш шараға қатысқан тасқалалық «Жібек жолы» халықтық би тобы өзгелерден озық шықты.


наила1 наила

Айта кетер болсақ, жеке орындауда қазақ биімен Альмира Исабекова бірінші, испан биімен Дана Туманчина екінші орын алды. Кавказ халықтары ырғағындағы билерден ер балалар тобы мен қазақша билеген қыздарымыз бірінші орынға лайық деп танылса, дәл осы бишілер толық құраммен орыс биін орындап тағы да бақталастарынан басым түсті. Нәтижесінде ер балалар тобы Польшада өтетін өнер байқауына жолдама ұтып алды.

Наила Қадырқұлова тәрбиелейтін биші жастардың бұл алғашқы жетістіктері емес. Сондай-ақ жақында Наила Ермекқызына шәкірттері халықаралық байқауларда орын алғаны үшін бірінші дәрежелі төреші атағы беріліп, осы сайысқа төреші ретінде шақырылған болатын.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар