15.06.2016, 17:39
Қараулар: 37
«Ақ жүрек абзал жандар»

«Ақ жүрек абзал жандар»


 

15 маусым күні  дәл осындай тақырыппен  аудандық мәдени-демалыс орталығында халықаралық дәрігерлер күніне орай,  аудандық аурухана ұжымының қатысуымен мерекелік шара өтті.


Копия даригер

Алғаш боп сахна төріне көтерілген аудандық аурухананың басшысы Г.Кенжешева қол астындағы барлық ұжымын айтулы мерекелерімен құттықтап,  медицина саласында ұзақ жылдар бойы қалтықсыз  қызмет етіп келе жатырған аудандық аурухананың бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімі атынан алхыс хат табыстады.

Мұнан соң кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Вологина аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымы атынан спорттық шараларда белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болып жүрген бір топ сала қызметкерлеріне ақшалай сыйлық табыс етті.

Шара әрі қарай мәдени-демалыс орталығының көркем өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар