17.06.2016, 12:05
Қараулар: 50
Жалған сенім жарға жығады

Жалған сенім жарға жығады


Жуырда құрамында аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев пен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова бар аудандық ақпараттық түсіндіру тобы мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында мәдениет қызметкерлерімен «Теріс діни ағымдардан сақтанудың жолдары» тақырыбында кездесу өткізді.


Копия 111_6830Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанаргүл Қайырғалиқызы қазіргі таңда күллі әлемге үлкен қасірет төндіріп отырған экстремизм мен терроризм жайында айтып өтіп, жат ағымның құрбаны болмас үшін әрбір ата-ана ұл-қызы дінге бет бұрған жағдайда мешіт имамдарына апарып тексерту қажет екенін айтты. Сонымен қатар аудандық мешіттің бас имамы Айдын Бақытұлы  экстремизм мен терроризмнің  дінге ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, олардың мақсаты айрандай ұйып отырған елдің тыныштығын бұзып, ірткі салудан басқа ештене емес екенін жеткізді.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар