18.11.2016, 15:48
Қараулар: 117
«Ақындардың абызы»

«Ақындардың абызы»

%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-111_6137

%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-111_6120

Армысың ауыл-аймағым!

Атырау, Нарын, Ақжайық!

Қош айтысып сенімен,

Біз кеткелі ғажайып,

Талай қаңтар қалшылдап,

Талай жаз шықты-ау, мал жайып деп, жырлаған қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар сыршыл ақын, жазушы  Хамит Ерғалиев  барша  қазаққа жақсы таныс. Ол 20-дан астам кітабтың авторы. Сондай-ақ Шекспирдің «Гамлетін» қазақша аударған біртуар тұлға. Осы ретте бейсенбі күні аудандық кітапханада облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен айтулы ақынның 100 жылдығына орай «Ақындардың абызы» атты іс-шара өтті.

Шара барысында оқырман қауымға өр ақынның өмір жолынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар жыр қанатын қияларға сермейтін ақынның кітіп көрмесімен де таныстырылды. Сондай-ақ ақынның өлең жолдарын кітапханашы Г.Жамалова оқып шараның шырайын кіргізсе, Құрманғазы күйін М.Аманғалиев шертіп жиылған жұртшылықты ерекше әсерге бөледі.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар