26.05.2017, 15:44
Қараулар: 61
Жанға жайлы жазғы демалыс

Жанға жайлы жазғы демалыс

Оқу жылы аяқталысымен аудан бойынша барлық  мектептердің жанынан балаларға арналған жазғы демалыс лагерлері жұмыс істейді. Биыл да оқушылардың жазғы  демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталды.

Күні бүгін   әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасылардан 263 бала, жетістіктерге жеткен 998 оқушы, 40 девиантты мінез-құлықты балалар мен қолайсыз отбасылардың балалары         іс-шаралармен  түгел қамтылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ жазғы кезеңде балалармен жұмыстану үшін педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар  тартылмақ.

Жалпы  1-10 сыныптардан  барлығы  2337 оқушысы жүз пайыз жазғы демалыспен қамтылатын болады.

Соның ішінде  биылғы жылы толықтай күрделі жөндеуден өткен «Шұғыла» жазғы демалыс лагеріне 12 маусымнан бастап төрт кезеңде 100-ден аса бала демалады деп күтілуде.  18 мектеп пен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жанынан 1543 оқушыны қамтитын ыстық тамақ  ұйымдастырылған күндізгі лагерлер мен 14 мектепте тамақтандыру ұйымдастырылмаған 438 оқушыларға арналған бағдарлы кезеңдер мен алаңдар жұмысын ұйымдастыру көзделген.

Сондай-ақ 242 оқушы шатырлы лагерлерге, оның ішінде 150-і жыл сайын «Жас турист» аудандық лагері мен шекара заставасының қолдауымен ұйымдастырылатын «Айбын» әскери-патриоттық лагерлерінде демалса, 974 оқушы еңбек жұмысына тартылмақ. Соның ішінде 884 оқушы мектептерді көгалдандыруға, 80 оқушы мектеп жанындағы бақша жұмыстарына және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептен аз қамтылған отбасылардың 10 баласы «Жігер» еңбек демалыс лагерінде болады.

Мәдениет үйлері мен кітапханалардың жанынан  құрылған 34 клуб пен үйірмелер арқылы ұйымдастырылған шығармашылық жұмысқа 350 оқушы тартылатын болады.

738 оқушы спорттық-туристік жұмыстарға, соның ішінде  18 көпкүндік жорықтарымен 165 оқушы, танымдық-туристік сапарларымен 588 оқушы: Астана қаласындағы халықаралық көрмені тамашалауға – 165 оқушы, 1-күндік Самара қаласына – 22 бала, Бөкей-Ордаға – 39  оқушы, Сырым ауданына – 10 оқушы, Жаңақала ауданына – 6, Орал қаласына – 346 және  30 оқушы экспедицияға қатыспақ.

Сонымен қатар 383 оқушы бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында интеллектуалдық жұмыстармен  айналысатын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 оқушыға артып отыр. Жазғы демалыс кезінде 140  оқушыға – «Тілдер мектебі», 76 оқушыға – «Дебат мектебі», 163 балаға  «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының мүшелеріне  «Көшбасшылар мектебінің» жұмысы ұйымдастырылады.

Жалпы балалар демалысын ұйымдастыруға 15640,6 мың теңге қаражат, соның ішінде  жергілікті бюджеттен — 7795,0 мың теңге, демеушілер арқылы  — 1030,0 мың теңге, кәсіподақтардан – 250,0 мың теңге, ата-аналардан – 6565,6 мың теңге жұмсалады деп жоспарлануда.

Д.Хайрова,

аудандық білім бөлімінің бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар