26.05.2017, 15:45
Қараулар: 31
Дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тасқала аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434 б 1 б бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қарады.


Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сай,  құқық бұзушы Тасқала аудандық орталықтандырылған аурахана дәрігері Ж, жоғарғы білімі бола тұра,  істен шыққан теледидарды көшедегі  ағаш  бағанаға қағып тұрып, былапыт сөздер айтқан.

Сол кезде осы әңгімені қасында тұрған досы ұялы телефонға түсіріп,  «WhatsApp» мессенджерге салып, таратқан.

Құқық бұзушы яғни Ж. медициналық мекеменің қызметкері, «ақ халатты абзал жандардың» өкілі  бола тұра қоғамдық орында былапыт сөздерді айтып,  ұсақ бұзақылық жасады.

Сот отырысында құқық бұзушы  кінәсін толығымен мойындап,  істеген ісіне өкініп, қатаң жаза қолданбауын сұраған.

Сот құқық бұзушы Ж.-ны  ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-б, 1-б бойынша кінәлі деп таныды. Оған әкімшілік жаза ретінде  22 690 теңге сомаға айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ә.Теберікова,

Тасқала аудандық сотының судьясы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар